📅 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай
💰 2 «А» сыныбында «Теңге – Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Оқушыларға ұлттық валютамыз – теңгенің шығу тарихы мен маңызы туралы мәлімет беріліп, оның ел тәуелсіздігі мен экономикалық дамудың нышаны екені түсіндірілді.
Балалар белсенділік танытып, тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, сұрақтарға жауап берді. 🇰🇿✨
👩🏫 Сынып жетекшісі: Жарылкасинова Гульшат
