2025 жылдың 18-қыркүйек күні мектебімізде «Оқушылардың қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ жауапкершілік» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында оқушылардың мектептегі және мектептен тыс ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-ана мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралды.
Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері мен ата-аналар тарапынан пікір алмасып, балалардың амандығы үшін бірлесіп жұмыс істеу қажеттігі атап өтілді.
