2025 жылғы 5 қыркүйекте №8 жалпы білім беретін мектебінде жоспарлы оқу-жаттығу өткізілді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекет дағдыларын жетілдіру, қызметкерлердің қауіпсіздік ережелерін сақтауын бақылау және бірлесіп үйлесімді жұмыс жасай білуін тексеру болды.
Оқу-жаттығу барысында өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісі кезіндегі эвакуация, алғашқы көмек көрсету әрекеттері пысықталды. Барлық қатысушылар жаттығуға белсене атсалысып, берілген нұсқаулықтар мен қауіпсіздік талаптарын дұрыс орындады.
#ОқуЖаттығу #Қауіпсіздік #ТөтеншеЖағдай #ӨртҚауіпсіздігі #Эвакуация #АлғашқыКөмек
