📌24.09-29.09.2025 жыл аралығында мектебімізде ауыл мектептерінің оқушылары үшін ұйымдастырылатын республикалық пәндік олимпиаданың іріктеу кезеңі өткізілуде.
Мақсаты – шалғай аймақтардан шыққан дарынды балаларды анықтау, дамыту, білім саласындағы теңсіздікті азайту.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаға 9-11 сынып оқушыларынан 68 оқушы қатысуда.
Оқушыларымызға сәттілік және жеңісті күндер тілейміз!✨
