Бүгінгі білім беру жүйесінде жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мен қолдау – басты міндеттердің бірі📌.
Осыған орай 10.10.2025ж күні мектеп әдіскері Алмагул Аманбекқызы және ҚМЖ құрастыру бойынша облыс жүлдегері ағылшын тілі пәні мұғалімі Назым Қосайқызымен«ҚМЖ құру дағдысы – жас маманның кәсіби дамуына алғашқы қадам📚» атты семинар-тренинг ұйымдастырды.
📌Іс-шараның мақсаты –
жас мамандарға Қысқа мерзімді жоспарды (ҚМЖ) тиімді құрудың құрылымы мен талаптарын түсіндіру,сабақтың оқу мақсатын дұрыс айқындау,саралау, бағалау және әдіс-тәсілдерді жоспарлауда тәжірибелік қолдау көрсету.
Жас мамандардың еңбек жолдарына сәттілік тілейміз✨
