“Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында 5–8 сынып оқушыларының қатысуымен “Күзгі асар” жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде оқушылар өз қолдарымен әзірлеген тағамдар мен күзгі өнімдерді ұсынды. Іс-шара барысында оқушылар ұйымшылдық пен еңбекқорлық танытып, адал еңбектің маңызын сезінді. Ата-аналар мен ұстаздар белсенді қатысып, балалардың бастамасына қолдау көрсетті. Жәрмеңке оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, тәрбие мен бірлікті нығайтты.
