Эстетика пәндері апталығы аясында көркем еңбек пәні мұғалімі Азар Рысты оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында текемет басу шеберлік сағатын өткізді. Мақсаты — оқушыларға ата-баба мұрасын дәріптеп, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Оқушылар өз қолдарымен жасап көрді.
Осындай іс-шаралар арқылы біз ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді жаңғыртамыз. 🌿✨
