🏆 Асар Quiz — жүлделі орын!
“Жетібаймұнайгаз” ӨБ Кәсіподақ ұйымдастыруымен өткен интеллектуалды “Асар Quiz” ойынында мектебіміздің білімді мамандары жылдамдығын және тапқырлығын дәлелдеп, өндірістік мекемелерден құралған 14 команда арасынан жүлделі 2-орынға ие болды! 🎉
Команда жоғары нәтижемен көзге түсіп, арнайы сертификат пен қаржылай сыйлықтарға ие болды. Мұндай жеңіс — кәсіби білімнің, ынтымақтың, бірліктің және үздіксіз ізденістің нәтижесі.
Білімі жүйрік, ойы ұшқыр ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🤍
Жеңістеріңіз көбейе берсін, бағындырар биіктеріңіз өте көп болсын! ✨


