14 қараша күні 3-4 сыныптарға арналған аудандық “Алтын сақа” математикалық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын арттыру; оқушылардың логикалық ойлауын, тапқырлығын және есеп шығару дағдыларын дамыту; оқушыларды өздігінен ойлауға, талдауға үйрету. Мектебімізден қатысқан 6 оқушының 5-еуі жүлделі орындарға ие болды.
🥇🥈4-сыныптардан: Қуанышқали Айару 1-орын, жетекшісі Сейтмуханова Алтынай, Шүкірбай Жолдас 1-орын, жетекшісі Жалғасбаева Айжан, Айтныяз Бауыржан 2-орын, жетекшісі Муса Жұлдыз;
🥈3-сыныптардан: Исан Жандос 2-орын, жетекшісі Урдекова Гульнар, Қалдыбек Алинұр 2-орын, жетекшісі Акмамбетова Салтанат😍Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз🤩👍Облысқа баратын 4 оқушыға сәттілік тілейміз!🙌


