🎉 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК! 🎉
Астана қаласында өткен Ауыл балаларына арналған республикалық олимпиадада мектебіміздің 11-сынып оқушысы Мүсір Ислам география пәні бойынша І орын иеленді! 🥇🌍
Жетекшісі — Тәжібаева Ұлжан ұстазымызға зор алғыс!
Білімге бағыт берген еңбегі ақталды! 👏✨
Сонымен қатар Ислам Қарағанды техникалық университетінің РЕКТОР ГРАНТЫН жеңіп алды! 🎓💼
Бұл — үлкен табыс, болашаққа ашылған жаңа мүмкіндік!
Айта кетсек, біздің мектебіміз екінші жыл қатарынан республикалық деңгейде І орын алып, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр! 🏆🔥
Бұл жеңіс — оқушы еңбегінің, ұстаз бен мектеп ұжымының, ата-ана қолдауымен бірлескен жұмысының жемісі.
Баршаңызды осы қуанышты жаңалықпен құттықтаймыз! 🌟
Жарқын жетістіктер көп болсын!




