«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың мәдениеттілігі мен тәрбиелілігін арттыру, жеке жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін күту, мінез-құлық мәдениеті туралы түсініктерін кеңейту.
Жиналыс барысында:
✔️Қыз бала әдебі мен сөйлеу мәдениеті;
✔️Мектеп формасын сақтау;
✔️Интернет пен әлеуметтік желіні қауіпсіз пайдалану;
✔️Қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстау;
✔️Қыз баланың жеке тазалығы мен денсаулығы сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді.



