Skip to content

Астана қаласында 25–29 қараша аралығында ауыл мектептерінің оқушылары арасында жалпы…

Астана қаласында 25–29 қараша аралығында ауыл мектептерінің оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Осы додада жоғары нәтиже көрсеткен Маңғыстау облысының оқушылары бүгін салтанатты түрде қарсы алынды.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадаға өңір атынан 38 оқушы қатысып, география, математика, физика, химия, биология және информатика пәндері бойынша өз білімдерін сарапқа салды.
Биыл Маңғыстау облысының командасы командалық есепте бас жүлдені иеленіп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Қарсы алу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрисбаев, облыстық білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев, «Каспий дарын» орталығының директоры Амангелді Қашқынов, аудандық білім бөлімдерінің жетекшілері мен ұстаздар, ата-аналар қатысты.
Шара барысында Аббат Өрисбаев оқушылардың жеңісін ерекше атап өтіп, олардың еңбегі мен табандылығы үшін алғыс айтып, ұстаздар мен ата-аналардың үлесін жоғары бағалады.
Олимпиада қорытындысы бойынша маңғыстаулық оқушылар 9 алтын, 7 күміс, 10 қола, 3 мадақтама иеленді.

География пәнінен топ жарған Ислам Мүсір «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің» білім грантына ие болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *