Skip to content

🎉 АУЫЛ ОҚУШЫСЫНЫҢ МӘРТЕБЕЛІ ЖЕҢІСІ! 🎉 Астана қаласында өткен жаратылыстану-математикалық…

🎉 АУЫЛ ОҚУШЫСЫНЫҢ МӘРТЕБЕЛІ ЖЕҢІСІ! 🎉

Астана қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Биылғы сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 475 талантты оқушы қатысып, нәтижесінде 200 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.
Осындай жоғары бәсекелі білім додасында мектебіміздің 11-сынып оқушысы
🏅 Мүсір Ислам — география пәні бойынша І орын иеленді!
Бұл — Исламның тынымсыз еңбегі мен табандылығының, жан-жақты ізденісінің жарқын нәтижесі.

Биыл олимпиада жеңімпаздары елдің жетекші жоғары оқу орындарының 5 ректорлық грантымен марапатталды.
Сол гранттардың бірі — Қарағанды техникалық университетінің ректор гранты — біздің оқушымыз Мүсір Исламға бұйырып, оның болашақтағы кәсіби жолына зор мүмкіндік ашты! 🎓✨

Жас түлектің алдағы жетістіктері бұдан да биік боларына сенеміз.
Ұстаздарға, ата-аналарға және қолдау көрсеткен барша жанға шынайы алғыс! ❤️

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *