📚 Білесің – жауап бер, білмесең – оқы!
Күзгі демалыс уақытында 5-сынып оқушыларының арасында білімін шыңдау, ой-өрісін кеңейту мақсатында “Білесің – жауап бер, білмесең – оқы!” сайысы өткізілді.
Сайыс барысында оқушылар түрлі тақырыптар бойынша қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. 🧠✨
Сайыстың басты мақсаты –
🔹 оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру;
🔹 ізденімпаздыққа баулу;
🔹 еркін ойлау мен жылдам жауап беру дағдыларын дамыту.
Бос уақыттарын тиімді пайдалану.
Белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіреміз! 👏
