Skip to content

Қарттар мерекесіне орай мектебіміздің ардагер ұстазы, әрбір сабағы – есеп…

Қарттар мерекесіне орай мектебіміздің ардагер ұстазы, әрбір сабағы – есеп теңдеуінен өрілген ғажайып әлемнің жанашыры, математика пәнінің мұғалімі Бекбосынова Ғалия апайымызға мектеп ұжымы атынан мерекесімен құттықтап бардық.
Ардагер ұстаз – бүкіл ғұмырын жас ұрпаққа арнап, маңдай терін, ыстық жүрегін аямай төккен жан. Оның әрбір еңбегі – өнеге, әрбір сөзі – өсиет.
Бүгінгі ұрпақтың жеткен жетістігі – кешегі ұстаздың қажырлы еңбегінің жемісі. Сондықтан ардагер ұстазға құрмет көрсету – баршамыздың парызымыз.
Қадірлі ардагер ұстаз! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбегіңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің ыстық ықыласына бөлене беріңіз деп тілейміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *