Мектебімізде 11.09.25 күні мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары А.Амангелді, Ә.Сайынова, мектеп психологы З.Калиева 7-сынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық қолдау мақсатында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында саналы ата-ана бала болашағы үшін мектеппен тығыз байланыста болып,отбасында балаға қолдау жасап сенім білдіру керектігі айтылды.Сонымен қатар мектептегі психологиялық қызмет бағыттары бойынша білім алушылардың психикалық денсаулығы мен тұлғалық дамуы үшін мектепте түрлі-іс шаралар жүретінін атап өтті.