Мектебімізде күзгі демалыс уақытында «Ұлттық мереке — ұрпаққа өнеге» тақырыбында тамаша шара өтті. Шараға 1–4 сынып оқушылары мен әжелері қатысып, ұлттың салт-дәстүрі мен өнегелі мұрасын дәріптеді.
Шара барысында әжелер мен немерелері бірігіп түрлі қызықты ойындар мен тапсырмалар орындады. Әжелер немерелеріне ақыл-кеңестерін айтып, ұлттық тәрбие мен әдептіліктің маңызын түсіндірді.
Шарамыз оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Балалар үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды ұлттық құндылықтардың мәнін ұғынып, ата дәстүріне деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
Бұл шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты одан әрі бекіте түсті.
Ұлттық өнеге — ел болашағының негізі!
