Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау” тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағы өткізілді.
Кездесу барысында ата-аналарға бала қауіпсіздігін сақтау жолдары, үй жағдайында және қоғамдық ортада кездесетін қауіптер, баламен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ күмәнді жағдайларда қайда және қалай жүгіну керектігі туралы маңызды мәліметтер берілді.
Мұндай шаралар ата-ана мен мектептің бірлескен жауапкершілігін арттырып, балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
#АтаАналарЖиналысы #БалаҚауіпсіздігі #АПҚО #ЗорлықЗомбылықтыңАлдынАлу #МектепАтаАнаЫнтымақтастығы
