Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ойлауын жетілдіру және дарынды жас өрендерді анықтау мақсатында ұйымдастырылатын “Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған олимпиада” биыл үшінші жыл қатарынан жоғары деңгейде өтті.
Осындай додада өз білімімен сынға түсіп, Республикалық кезеңнің алтын медаль иегері атанған оқушыларымыз Мүсір Ислам мен Ринатұлы Еркеұланды бүгін мектебімізде салтанатты түрде қарсы алдық.
Бұл қуаныш – оқушыларымыздың білімге деген ынтасын арттырып, жаңа белестерді бағындыруға шабыт беретін айтулы сәттердің бірі.
Биік мақсат жолында ерекше еңбегімен көзге түсіп, білім бәйгесінде үздік нәтиже көрсеткен жүлдегерлерімізді мақтанышпен құрметтейміз. Олар жарыс барысында өздерінің білімі мен дарынын дәлелдеп, жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Жас дарындарды дайындаған жетекшілері – Тәжібаева Ұлжан мен Раймбердиева Зейнеп. Ұстаздың жүйелі еңбегі мен шәкірттің талпынысы бір арнада тоғысып, осындай қуанышты нәтиже беріп отыр.
Бүгінгі қуанышымызды еселеп, оқушыларды қолдау мақсатында мектебіміздің бірқатар түлектері мен кәсіпкерлері демеушілік танытты. Атап айтсақ, Тасимова Шынар, Жексенбай Рауан, Қалиева Қалбикеш сынды жомарт азаматтарымызға айрықша алғыс білдіреміз.
Олардың көрсеткен қолдауы – білімге бағытталған игі бастамалардың дамуына, оқушыларымыздың жаңа жетістіктерге жетуіне зор серпін берері сөзсіз.
Оқушыларымыздың әр жетістігі – мектебіміздің мерейін өсіретін үлкен қуаныш. Білім жолындағы жеңістеріміз көбейіп, шәкірттеріміздің биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектеспіз!